Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада зорлық жасады деген күдікпен жасөспірім қамауға алынды

Қызылордалық жасөспірім 1-сынып оқушысына зорлық жасады деген күдікке ілінді. Әлеуметтік желіде тараған ақпарат облыс жұртшылығын дүр сілкіндірді. Бұл оқиғаны полиция департаменті растады. 15 жастағы күдікті-қаладағы №282 мектептің оқушысы. Қазір ол уақытша ұстау абақтысына қамалған.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Аталмыш жарияланым бойынша Қызылорда облыстық Полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалып, тергеп- тексеру жүргізілуде. Өзге де ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді.