Русский Сайттың толық нұсқасы

Сирия Астанада келіссөздер өткізуге дайын

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2017
  • 2684

Дамаск Астанада келіссөздер өткізуге дайын. Сирия президенті Башар Асад осылай деп отыр. Бұл жөнінде ол САНА агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Башар Асад, Сирия президенті:

Әрине, біз дайынбыз. Келіссөздердің өтетін күні белгілі болғанда, делегациямыз аттанады. Кез-келген сұрақтың басын ашуға әзірміз.

Асадтың айтуынша, келіссөздер аясында Сирия конституциясы да сөз болуы ықтимал. Егер халық ата заңға өзгеріс енгізу керек деп шешсе, референдум өткіземіз деп отыр. Ондай жағдайда Башар Асадтың президент тағындағы өкілеттілігі де қарастырылады.

Еске салайық, таяуда Ресей мен Түркия басшылары Сирияда қатығысып жатқан екі тарапты Астанада келіссөздер өткізуге шақырған еді.  Президент Нұрсүлтан Назарбаев бұл шешімді қолдап, келіссөз алаңын ұсынатынын айтты. Алдын ала болжам бойынша отырыс 23 қаңтарға белгіленген. Десе де, Сирия оппозициясы бейбіт келісім өткізуден бас тартатынын ресми хабарлады. Өйткені Дамаск талаптарды орындамай отырған көрінеді. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА