Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей ОПЕК-ке берген уәдесін сәуір не маусымда орындайтын болады

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2017
  • 2859

Ресей ОПЕК-ке берген уәдесін сәуір не мамырда орындайтын болады. Дегенмен, Ресей қаңтардан бастап мұнай өндірісін қысқартуды бастаған. Қаңтар-ақпанда тәулігіне 50 баррельге ғана қысқартпақ.

Энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, алғашқы екі ай Ресейде аязды, сондықтан құбырларды тоқтатуға мүмкіндік жоқ. Ал наурызда мұнай өндірісін 200 мың тоннаға дейін азайтпақ. Ал ОПЕК-пен келісімін тек сәуір-маусым айларында орындамақ. Ол кезде тәулігіне 300 мың баррельге қысқартады. Энергетика министрінің айтуынша, оған Ресейдің 90 пайыз мұнайын өндіріп отырған 12 компания да ат салысады.

Жаңа жылдан бастап Қазақстан да ОПЕК-пен келісілген 20 мың баррель қара алтынды азайтуға кірісіп кетті. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ