Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы полиция департаментінде бірқатар басшы қызметінен босатылды

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2024
  • 1230

Алматы полиция департаменті бірқатар басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы қылмыстық істер бойынша тәркіленген қару-жарақ ұрлығына қатысты жүргізілген қызметтік тексеру қорытындысы бойынша тәртіптік комиссияның ұсынысына сәйкес, ішкі істер министрінің бұйрығымен Алматы полиция департаменті қызметінің бірқатар басшысы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар қалалық басқарманың жоғары лауазымды қызметкерлері де жұмыстан шығарылды.