Соңғы
екі күнде ел аумағында 9 мыңға жуық адам уақытша тіркеліп үлгерген. Халыққа
қызмет көрсету орталықтары күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкен. Бұдан
былай кісі қарасы көп орталықтар аптасына 6 күн, таңғы сегізден кешкі сегізге
дейін жұмыс істемек.
Қала тұрғындары өздері тіркелетін аудандағы халыққа қызмет
көрсету орталығына баруы міндетті емес. Орталықтар кез-келген қала тұрғынын
қабылдайтын болады. Алайда, электронды үкімет порталы арқылы тіркелу әзірге
мүмкін емес. Өйткені көші-қон полициясы ғаламтор арқылы қызмет көрсетуге
қауқарсыз болып отырған көрінеді.
Дәулет
Бекманов, Халыққа қызмет көрсету
департаменті басшысының орынбасары:
ХҚКО-на келмей-ақ, электронды тіркеуге тұруға әзірге болмайды. Біз оған дайынбыз,
егер ІІМ оған келісім жасаса, электронды үкімет парталына ол қызметті
енгіземіз. Ол қызметке ІІМ жауапты, біз қалай айта аламыз?
Саламат ОМАШ