Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда аялдамада автобус күтіп тұрған адамдарды көлік қағып кетті

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2024
  • 858

Павлодарда автокөлік жүргізушісі аялдамада автобус күтіп тұрған адамдарды қағып кетті. Оқиға Назарбаев даңғылында болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар Instagram желісіндегі жергілікті пабликтердің бірінде жарияланған. Зардап шеккендер туралы хабарланды. Видео авторының сөзінше, көлік жүргізушісі аялдамаға соғылған. Кадрларға қарағанда, полиция оқиға орнында болған. Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, бүгін сағат 14:35-те зардап шеккендер туралы қоңырау түскен. Жедел жәрдем дәрігерлері зардап шеккен екі адамды ауруханаға жеткізген.

"Аялдамаға жақын жерде жаяу жүргіншіні көлік соққаны туралы қоңырау түсті. 1-ші санаттағы жедел топ жолға шықты. 5 минутта жеттік. 2009 жылы туған бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. 1999 жылғы адам бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Тексеруден кейін дәрігерлер оны амбулаторлық емдеуге жіберді", - деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.