Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде папиллома вирусына қарсы екпе егу науқаны басталады

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2024
  • 1596

Осы күзде елде папиллома вирусына қарсы екпе егу науқаны басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл шара иммундау жөніндегі ұлттық жоспарға да енгізіледі деп күтілуде. Екпе қыздарға тек ата-аналарының рұқсатымен ғана егіледі. Иммундау шарасына Денсаулық сақтау министрлігі америкалық 4 валентті «Гардасил» вакцинасын сатып алуды жоспарлап отыр.

Жалпы Қазақстанда жыл сайын жатыр мойыны обыры салдарынан 600 әйел көз жұмады. Қатерлі ісіктің пайда болуына осы адам папиллома вирусы басты себепкер, - дейді дәрігерлер.

Вакцина бізге жатыр мойыны обырының алдын алуға көмектеседі. Егер қыздар адам папиллома вирусына шалдықса, ол ешбір әдіспен емделмейді. Сондықтан осы екпе арқылы оның алдын алған маңызды. Иммундау кезінде 9 бен 14 жас аралығындағы қыздарды вакцинациялау жоспарланған. Ол тегін болады, - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы Зайтуна Хамидуллина.