Русский Сайттың толық нұсқасы

Теміртауда дүкенде жарылыс болды

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2024
  • 1529

Теміртау қаласы, Ватутина көшесі, 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткенде дүкен ғимараты опырылып, өртке оранғаны анықталды.

08-44-те тексеру және барлау кезінде үйінді астынан әйел адам шығарылды (жағдайы анықталуда), оның айтуынша, үйінді астында ер адам бар, қирандыларды қопару жалғасуда.

ТЖД күштері 40 адам және 10 техника жұмылдырылды.