Армандаған мамандығы - журналистика саласында еңбек етіп жатқан 21 жастағы Қаламқас Бисенғалиева қатты науқастанып қалды. Дәрігерлер әріптесімізге "Аналық бездің қатерлі ісігі" деген диагноз қойыпты. Егер шұғыл операция жасамаса, кесел денесінің басқа мүшелеріне жайылуы мүмкін. Гүлдей жайнаған қызының көз алдында солып бара жатқанын көру ата-анасына да ауыр. Қиналған Қаламқасқа үндістандық дәрігерлер көмек қолын созып отыр. Бірақ ол жақта тексеріліп, ем алу үшін кемінде 20 миллион теңге қажет. Қапелімде мұндай қомақты қаржыны таба алмаған қарапайым отбасы енді халықтың көмегіне мұқтаж. Арнайы ашылған шотта қажетті ақша жиналса, Қаламқас Дели қаласындағы Аполло клиникасына аттанады. Әріптесіміздің ауыр дерттен айығып кетуіне септігі тиер деп экран алдындағы әр көрерменнен қолдау күтеміз!
Өтеу МОЛДАҒАЛИЕВ, ҚАЛАМҚАСТЫҢ АҒАСЫ:
Осындай сынақ келіп жатыр басымызға. Қарындасымыз өте қатты ауырып қалып жатыр. Осыған бүкіл қазақ елін жұмылып жәрдем беруге шақырамыз. Енді бұл жерде жақсы түсінетін адам бар шығар. Әр қазағым жалғызым деп ойлайтын жанашыр қазақтар болса, жәрдем беріп көмектесулеріңізді сұраймын.