Русский Сайттың толық нұсқасы

"Мені кім қуанып қарсы алады екен?!": Бесбаевтың әйелі ел күтпеген мәлімдеме жасады

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2024
  • 32276

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаевтың әйелі Мархабат Бесбаева күтпеген мәлімдеме жасады.

Ол әншімен жеке өмірінде болған жағдайларға қатысты бүкпесіз шындықты айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Мархабат Бесбаеваның айтуынша, олардың отбасыларына қатысты түрлі қауесет тараған. Ол мұны оқырмандардың сұрақтарына жауап беру барысында мәлімдеді. Мәселен, оқырмандардың бірі: "Баяғыда Мейрамбек аға ауырғанда, сіз оны тастап кетті деген сөз тараған. Сол рас па?" деген сұрақ қойған.

Бесбаевтың әйелі оған былай деп жауап берген:

"Әрине жоқ, осы күннен бастап (үйленгеннен бастап) 20 жылдың ішінде ешқашан тастаған емеспін! Өздеріңіз ойлаңыздаршы, ауырған кезде тастап, жазылған кезде қайтып келсем, мені кім қуана қарсы алады екен?" деп жауап берді ол.