Өрттің шығу себебі анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпан күні сағат 12:48-де Екінші өткел көшесі, 32 мекенжайы бойынша орналасқан үйде өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен төрт техника мен жеке құрамнан 16 адам жіберілді.
– Оқиға орнына жеткенде жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны белгілі болды. Өрт сөндірушілер барлау барысында 1985 жылғы ер адамның денесін анықтады. Қайтыс болған тұрғынның жеке басын анықтау жұмысы жүргізілуде, – дейді департаментте.
Төтенше жағдайлар басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарынан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.