Русский Сайттың толық нұсқасы

Отандық байқаушылар жұмысын мінсіз атқарды - Н.Ерімбетов

  • AstanaTV
  • 21 наурыз 2016
  • 1500

«Өз жұмысымыз үшін, қазақстандық байқаушылардың жұмысы үшін ұялмаймыз». Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия төрағасы Нұрлан Ерімбетов осылай деді. Оның хабарлауынша, Мәжіліс пен мәслихат сайлауында жұмыс істеген отандық байқаушылар өз міндетін мінсіз атқарған.

Комиссия сайлауға 10 мыңға жуық байқаушыны дайындап, оқудан өткізді. Бұл еліміздің барлық аймақтарындағы сайлау учаскелерін қамтуға мүмкіндік берді деп атап өтті Ерімбетов. Соның арқасында Республикалық комиссия сайлау барысына қатысты толық ақпаратты жинақтай алған.

Нұрлан Ерімбетов, Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия төрағасы:

Дауыс беру күні штабымыз тәулік бойы жұмыс атқарды. Барлық аймақтармен байланыста болдық. Арыз-шағымдар жоқ. Мен мұны ашық айтамын. Өңірлерде жұмыс істеген әріптестерімізге сенеміз. Оларға алғыс айтамын. Өйткені бұл патриоттық міндетіміз болды. Біз  бұл сайлауды көрдік және міндетімізді абыроймен атқардық.  

Айгүл ӘДЕПБАЙ