Димаш Құдайберген халықаралық ұйым – БҰҰ көші-қон агенттігінің аймақтық ізгі ниетті елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
15 ақпанда Халықаралық көші-қон ұйымы жаңа ізгі ниет елшілерінің тағайындалғанын хабарлады.
Қазақстандық музыкант, әнші және композитор, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының аймақтық ізгі ниетті елшісі (Азиядағы аймақтық рөлі) болып тағайындалды.
Халықаралық көші-қон ұйымы – көші-қон саласындағы жетекші үкіметаралық ұйым. Ол гуманистік және тәртіпке негізделген көші-қон мигранттар мен қоғамға тек пайда әкеледі деп есептейді.
Халықаралық көші-қон ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне 2016 жылы ассоциацияланған ұйым ретінде қосылғанын еске түсіре кетейік.
"Мен Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниетті елшісі ретінде мигранттардың құқығын қорғауды мақтан тұтамын. Әрбір адамның құқы мен мүмкіндіктері үшін аспаны ашық бейбіт әлемді бірге құрайық", - деді Димаштың өзі.