Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізге арктикалық суық келді

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2024
  • 1759

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, республикаға арктикалық суық келді.

"Қазақстандағы ауа райы жағдайын аяз сақталатын суық және қарсыз арктикалық антициклон алмастырады. Тек 17 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауады, таулы аймақтарда – қалың қар жауып, тұман түседі, көктайғақ және боран болады", — делінген хабарламада.

Болжам бойынша, республиканың солтүстік және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде -30-38°С, күндіз -20-28°С болады деп күтілуде.

"Елдің оңтүстік-шығысында түнде -15-25°C, тауларда -30-35°C, күндіз -10-25°C дейін төмендейді", - деп қосты "Қазгидромет" РМК.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 16 ақпанында таңертең Алматыда қалың қар жауа бастады, синоптиктердің болжауынша, ол 17 ақпанға қараған түнге дейін жалғасады. Сондай-ақ ауа температурасы -20°C-қа дейін төмендейді деп күтілуде.