Русский Сайттың толық нұсқасы

"Алтын доп" иегері Рыбакинаның ойынын арнайы келіп тамашалады

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2024
  • 1267

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дохада өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Оның ширек финалдағы ойынын әйгілі бразилиялық футболшы Роналдиньо арнайы келіп тамашалаған, - деп жазды massaget.kz.

Ширек финалда Елена канадалық Лейла Фернандеске қарсы ойнап, камбэк жасады. Аса тартысты өткен ойынды "Алтын доп" иегері стадионда отырып көрген. 

Роналдиньо Рыбакинаның фанаты, - деп жазады журналист Бастьен Фашан.

43 жастағы футболшы Еуропада "Барселона", "Милан" және ПСЖ клубтарында ойнады. 2002 жылы Бразилия құрамасымен әлем чемпионы атанды. "Алтын доп" иегері.