Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери делегациясы БҰҰ Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде болды

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери делегациясы Біріккен ұлттар ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтеріне барды. Онда олар Бас хатшының жедел қолдау жөніндегі орынбасары Атул Харемен кездесті. Тараптар «Біріккен ұлттар ұйымының Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясына орналастыру үшін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Сұлтан КАМАЛЕТДИНОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ-ҚАРУЛЫ КҮШТЕР БАС ШТАБЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның хатшылығымен келісімшарт жасау тарихи қадам болды. Біз бітімгершілік күш біріктіретін 125-ші мемлекет болдық. Осылайша біз мемлекет басшысының бұйрығымен бейбітшіліктің географиясын ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырамыз.

Руслан ЖАНГУЛИН, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Егер бұрын біздің бітімгерлік контингентіміз басқа елдер бөлімшелерінің құрамында қызмет атқарса, енді бұл дербес миссия болмақ. Бітімгерлік миссияларға қатысу – әскери қызметшілердің жауынгерлік дағдыларын арттыруға ықпал ететін оқытудың маңызды құрамдас бөлігі.