29 әйел мен бала боранда қалып қойды. Желіде Абай облысы Көкпекті ауданында боранда қалған адамдардың видеосы тарады. Полиция қызметкерлері трассада қалған адамдарға жете алмады. Көмекке МИ-8 тікұшағы барды. Құтқарушылар қар құрсауынан 165 адамды эвакуациялады. Әлі де жолда қалғандар бар. Оларға да көмек көрсетілетін болады.
Дина ӘМІРЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Полицейлер басқа жүргізушілермен бірге колоннада. Олар жол бойында қалғандардың дүрбелеңге түспеуін қадағалап, жүргізушілер мен жолаушыларды тыныштандыруда.