ҰБТ сұрақтарын көшіріп алуға тырысқан қызметкерлер сотталды

ҰБТ сұрақтарын көшіріп алуға тырысқан қызметкерлер сотталды

Ұлттық бірыңғай тестілеу сұрақтарын көшіріп алуға тырысқан үш қызметкер жауапқа тартылды. Заң бұзушылықты Ұлттық қауіпсіздік комитеті анықтады. Олардың әрқайсысы 1 жыл бас бостандығынан айырылды. Абақтыдан шыққаннан кейін тағы үш жыл ақпараттық салады лауазымды қызметте жұмыс істей алмайды.

Аркен АБДУҒАЛИ, ҚР ҰҚК РЕСМИ ӨКІЛІ:

Олардың Ұлттық бірыңғай тестілеудің, педагогтар мен магистранттардың білімін бағалаудың өткізілуіне қол сұғулары дәлелденді.