Русский Сайттың толық нұсқасы

Меккеде 500 метрге жуық биіктікте аспалы намаз бөлмесі ашылды

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2024
  • 1674

520 адамға арналған ол теңіз деңгейінен 483 метр биікте орналасқан, деп хабарлайды Информбюро.

Сауда Арабиясының Мекке қаласындағы Жабал Омар атындағы қонақүйдің екі мұнарасын қосатын аспалы жүргінші жолының бойында 520 адам бір уақытта намаз оқи алатын ғибадат бөлмесі ашылды. Бұл туралы Мiddle East Monitor басылымы хабарлады.

Намаз оқитын орын Sky Mussallah деп аталады. Қазақшалайтын болсақ, "Аспандағы намазхана" деген мағына береді. Ғидабат бөлмесі әлемдік Гиннесс рекордтар кітабына енгізілді.

Дегенмен, бұл әлемдегі ең биік ғибадат орны емес. Меккедегі Royal Clock Tower ғимаратының ең биігінде, жарты айдың формасында салынған намазхана бар. Ол теңіз деңгейінен 601 метр биікте орналасқан.