Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда жер үйде жарылыс болып, үйінді астынан бір адам шығарылды

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2024
  • 1221

 Бүгін таңғы 03:30 шамасында Қарағанды қаласында екі отбасына арналған тұрғын үйде жарылыс болды, - деп жазды KAZINFORM.

Нақтыланған ақпарат бойынша бу жылыту қазандығы жарылып, салдарынан тұрғын үйдің құрылыс конструкциялары бұзылған. 

Өртке қарсы қызмет келгенге дейін №2 пәтерден 5 адам, оның ішінде 2 бала өз бетімен шықты. 

ТЖД күшімен үйінді астынан ер адам шығарылып, медициналық жедел жәрдем бригадасына берілді.