Русский Сайттың толық нұсқасы

8 облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2024
  • 1591

 18 ақпан сағат 15.00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 8 облыстағы республикалық маңызы бар 9 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы QazAvtoJol республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады.

Абай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 177 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)

1. «Омбы-Майқапшағай» — Қалбатау а.-Бұғаз а. (барлық көлік үшін) 

Алматы облысында 2 учаске, жалпы ұзындығы 99 км (қар, ауа температурасының төмендеуі)

1. «Алматы-Тау турбазасына кіреберіс» (жүк және қоғамдық көлік үшін);

2. «Алматы-Ташкент-Термез» -Жаңақұрлыс а.-Жамбыл обл. шек. (жүк және қоғамдық көлік үшін);

Шығыс Қазақстан облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 153 км (қар, боран, көрінуді шектеу)

1. «Омбы-Майқапшағай» — Абай обл. шек. — Зайсан қ.

Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 150 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)

1. «Алматы-Ташкент-Термез» — Алматы обл. шек.-Қордай а. (жүк және қоғамдық көлік үшін); Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық көлік үшін). Қайнар а.-Түркістан обл. шек. (транзиттік жүк көліктері үшін)

Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 100 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)

1. «Үшарал-Достық» — Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік үшін);

Қостанай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

1. «Жезқазған-Петропавл» -Ұлытау обл. шек-Арқалық қ. (барлық көлік үшін)

Түркістан облысында 1 усаске, жалпы ұзындығы 61 км (қар, бұрқасын, жел, шектеулі көрініс)

1. «Алматы-Ташкент-Термез» — Жамбыл обл. шек.- Машат к. (транзиттік жүк көліктері үшін) 

Ұлытау облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 115 км (боран жел, көрінуді шектеу)

1. «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау кенті-Қостанай обл. шек (барлық көлік үшін) Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарға 287 бірлік техника және 477 адам жұмылдырылды.