Қызылорда қаласында шаштаразда шыққан өрттен көп қабатты үйдегі 40 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 11-і бала.
«Төтенше жағдайлар департаменті күшімен баспалдақ арқылы 40 адам эвакуацияланды, оның ішінде 11 бала. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 28 қызметкері 9 бірлік техникасымен жұмылдырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.