Русский Сайттың толық нұсқасы

Балыққа шыққан тұрғын көз жұмды

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2024
  • 569

Ер адамның денесі 13 сағат іздестіруден кейін табылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауыл тұрғыны 42 жастағы туысы бір күн бұрын қарда жүретін көлікпен балық аулауға шығып, қайта оралмағанын хабарлаған.

– Іздеу шараларына дереу полицияның жеке құрамы жұмылдырылды. Сондай-ақ қызметтік иттермен кинологтар, еріктілер қосылды. Тікұшақ техникасын қолдана отырып, іздестіру ұйымдастырылды, – дейді департаментте.

Тікұшақпен іздестіру нәтижесінде ер адамдың денесі Ақтоғай ауылындағы Ертіс өзенінің жайылмасынан үш шақырым жерде табылды. Болжам бойынша, боранда бағдарынан айырылған тұрғын көліктен құлап, астында қалып қойған.