Русский Сайттың толық нұсқасы

Соңғы жылдары ұлттық киім сәнге айналды

Мемлекет басшысы «Ұлттық киім – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі» деген болатын. Расында, қазақтың тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін бұл- ұлттық киіміміз. Қазір қазақы нақыштағы киімді күнделікті киім үлгісіне айналдыруда отандық сәнгерлер тынбай жұмыс істеуде. Солардың бірі Тәрбия Айдымбаева елордада өзінің заманауи ұлттық киімдер топтамасын ұсынды.

Тәрбия Айдымбаева- қазақтың мәдениеті мен ұлттық мұрасын төрткүл дүниеге насихаттап жүрген белгілі сәнгер. Оның ерекше қазақы киім үлгілерін шығаруда 30 жылға жуық тәжірибесі бар. Бабалардан қалған асыл мұраны жаңғыртып, ұлттық киімнің өрнегі мен пішінін қазіргі заманға лайықтап, жаңа үлгідегі өнімдерін халыққа ұсынып келеді. Сәнгердің өнімдері тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ алыс-жақын шетелдерде де жоғары сұранысқа ие.

Тәрбия АЙДЫМБАЕВА, ДИЗАЙНЕР:

Бүкіл әлемдегі елшіліктер бізді шақырып жатыр. Оның ішінде Италия, Франция, ЮНЕСКО-ның залында көрме ұйымдастырдық. Пәкістан қаншама елдерде болдық. Біз өзіміздің ұлттық киімнің қазіргі әлемдік деңгейде өзінің орны бар екенін дәлелдедік деген ойдамын.

Отандық сәнгердің тіккен киімдерін еліміздегі өнер майталмандары мен спортшылар киіп жүр. Олар ұлттық киімді тек мерекеде ғана емес, күнделікті киіп жүруді қолдайды.

Тимур СПАТАЕВ, СПОРТШЫ:

Болыс-билеріміздің үрдістерін жаңғыртып жатырмыз. Жан-жаққа насихаттап, таратып, тек қана наурызда немесе 8 наурызда кию мүдделі емес, әркездері киіп жүрейік.

Ұлтымыздың бет-бейнесі – ұлттық киім, дейді күйші Жанғали Жүзбаев. Ол этномәдени құндылықты жаңғыртып, қазақтың болмысын шетелде таныстырып жүрген отандық дизайнердің жұмысын ерекше бағалайды.

Жанғали ЖҮЗБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, КҮЙШІ:

Ұлтымыздың киімі біздің ұлттық бейнемізді, тұлғамызды айқындайтын үлкен идеоогияның бір түрі ғой. Тек қана біздің ұлтқа керек, біздің ұлтымыздың болашағына керек үлкен этнографиялық мәні бар үлкен жұмыс.

Қазақ бренді бұған дейін 10 мемлекетте ұлттық киім күнін ұйымдастырған. Сондай-ақ Бразилия, Пәкістан, Оңтүстік Корея және Еуропаның біраз елінде көрме өткізді. Қазір Италияның 18 дүкенімен келісімшарт жасағалы отыр