Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда үй өртеніп, бір адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2024
  • 653

20 ақпанда Қостанай облысы Антоновка ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, ер адам қаза тапты.

Өрт 30 ш.м. аумақты шарпыған.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан үйден көлемі 27 л екі газ балонын алып шықты.

Сондай-ақ 1978 жылы туған ер адамның денесін тапты. Өрттің себебі анықталып жатыр.