Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жайлы мектеп" жобасының мерзімі кешіктірілсе қатаң шара қолданылады", - Олжас Бектенов

"Жайлы мектеп" жобасының мерзімі кешіктірілсе қатаң шара қолданылады". Ұлттық жобаның орындалуына көңілі толмаған Премьер-министр Олжас Бектенов осылай деді. {КСМ} Бірақ мектепті мерзімінде тапсырамын деп сапасын әлсіретіп алуға да болмайды. Үкімет басшысы "Жайлы мектеп" атына заты сай болу керек, ол оқушыға ыңғайлы, білім беру деңгейі жоғары болуы тиіс, деді. Сондай-ақ ұлттық жоба жаңа мектептерге аса мұқтаж өңірлерде салынуы қажет екенін айтты.

 Олжас БЕКТЕНОВ,  ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Әрбір басшының тікелей есіне саламын "Жайлы мектептердің" құрылысы үкіметтің қатаң бақылауында болады. Әріптестер Мемлекет басшысының жаңа форматтағы мектеп салу тапсырмасын орындау үшін біз бар күшімізді жұмылдырып, тез қимылдауымыз керек.  Біз ұлттық жобаның іске асыру барысын маусым айында қайта қараймыз. Егер жұмыс тәсілі өзгермесе, жауапты тұлғаларға қатаң шаралар қолданылатын болады.