Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеліктер тозығы жеткен қалалық көпсалалы балалар ауруханасын сынға алды

Ақтөбеде тұрғындар Қалалық көпсалалы балалар ауруханасын сынға алды. Әлеуметтік желіде адам шошырлық кадрлар жарияланды.Автордың айтуынша, аурухана ғимараты өте ескі, төбесі мен қабырғалары қырық жамау, көп жылдан бері жөндеу көрмеген. Төсек орындардың әбден тозығы жеткен. Жыртылып жатыр. Жауаптылардың ақпаратынша, қазір балалар арасында жедел жұқпалы аурулардың көбеюуіне байланысты көрші ғимараттан қосымша бөлімше ашылған. Онда жиырма науқас ем қабылдап жатыр.

Бақытжан ТҮЛКІБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бұл негізі ғимарат 1976 жылғы, 2010 жылы күрделі жөңдеу жүргізілген болатын. Бүгінгі таңда 2024 жылға осы көпсалалы аурухананың құжаттары дайындалып жатыр. Құжаттар жайындалып, оған қаражат бөлінеді. Содан кейін ғана жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.