Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте жасөспірім қыз 4-қабаттан секірмекші болды

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2024
  • 393

Шымкентте жасөспірім қыз 4-қабаттағы терезеден секірмекші болды. Қызды құтқару сәті шымкенттік полицейлердің бейнежетонына түсіп қалған.

Төртінші қабаттың терезесінде отырған жасөспірім туралы полицияға жергілікті тұрғындар хабар берген. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция полкінің экипаждары бірден құтқару жұмыстарына кірісті. Екі инспектор сыртта қалып, қызды әңгімеге тартты. Қателік жасамауға шақырып, назарын аударды. Қолайлы сәтті пайдаланған қалған екі офицер ғимаратқа кіріп, жасөспірімді ұстап алып, қауіпсіз жерге алып шықты.