Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада "Шарын" базары өртенді

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2024
  • 690

Астанада "Шарын" базарының аумағында жеке тұрған ангарда жиһаз бен шаруашылық тауарлары өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордалық өрт сөндірушілер өртті бірден сөндіруге кіріскен.

Алдын ала ауданы 30 шаршы метрді құрайтын өрт сағат 05:05-те толығымен сөндірілді.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 10 адамы және 2 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталып жатыр.