Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда 7 жасар қыз құдыққа құлап кетті

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2024
  • 515

Қостанайдағы Әуежай шағын ауданында 2017 жылы туған қыз абайсызда жылу құдығына құлап кеткен.

ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына дереу келді. Оларға бейтаныс адам да көмектесті. Құдықтың ішіндегі судың биіктігі 60-70 см.

Құтқарушылар баланы құдықтан шығарып, жедел жәрдем бригадасына берді.

ТЖМ ата-аналарды сергек болуға және балалармен сақтық шараларын сақтауға шақырады.