Астанада Қазақстан гидтері мен экскурсоводтарының I республикалық форумы өтті. Онда еліміздің әр өңірінен жүзден астам адам жиналды. Басқосуда туризм саласын дамытудың жай-жапсары талқыланды. Басты мақсат адам бойында қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттырып, туристерге еліміздің көрікті мекендерін таныту дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, форум Дүниежүзілік экскурсоводтар күніне орай ұйымдастырылды.
Ләйлә МУТАЛИЕВА, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ЕҰУ ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ ТУРИЗМ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Біздің студенттеріміз экскурсия тану, музей видим деген сабақтарды сол қосымша оқу үшін біздің мұғалімдеріміз өздері дайын болу керек ғой. Сондықтан бірігіп жаңа Астана әкімшілігімен қазақ туризммен бірігіп жаңағы 8 мұғалімді өзіміздің кафедрадана дайындап олар сертификат алып практикалық сабақтарын солай өткізеді.