Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыдағы балалар үйінен сәби жоғалған: прокуратура тергеуді бастады

Қарағандыда нәресте сатылған. Облыстық прокуратура 2011 жылы ауруханада туған баланың із түзсіз жоғалып кеткенін анықтады. Прокурорлар кәмелетке толмаған баланы саудалау фактісі бойынша тергеуді бастады. Қылмыс кездейсоқ анықталған. Бала «Отбасының цифрлық картасында» мектепке бармайтын ретінде тіркелген. Кейін тексере келе құжат бойынша 2011 жылы облыстық перинаталдық орталықта жаңа туған нәресте кезінде қалдырылып, кейін Осакаров ауданындағы «Пионерский» балалар үйіне тапсырылғаны белгілі болады. Алайда іс жүзінде бала жетімдер үйіне жетпестен жоғалып кеткен. Қайда екені белгісіз. Қазір ол аман болса 13 жасқа толуы тиіс. Құқық қорғаушылар баланың қайда екенін және кімге қалай сатылғанын анықтамақ. Тергеу барысында іске қатысы бар күдіктілер іздестіріледі. 

 Айжан ОРАЗБЕКОВА, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ АҒА КӨМЕКШІСІ:

Осакаров ауданы прокурорының нұсқауы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы - кәмелетке толмағандарды саудалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды”.