Елімізде 13 мыңға жуық шетел азаматы ресми еңбек етеді. Заңға сәйкес оларды 4 түрлі санат бойынша жұмысқа тартуға рұқсат. Бірінші санатқа, яғни, басшылық қызметке 565 адам шетелден келген. Құрылымдық бөлімшелердің жетекшілігіне 2671 мигрант тартылған. 5871 салалық маман мен 595 білікті жұмысшы шекара асып келген. Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға – 564, корпоративтік ауыс-түйіспен 2616 шетел азаматы еңбек етіп жүр.
Мәди ӘЛЖАН, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСҚАРМА ЖЕТЕКШІСІ:
Мигранттар көбіне Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау мен Алматы, Астана қалаларына тартылады. Еңбек кодексіне сәйкес шетелдіктер мен ел азаматтары бірдей қызмет етсе, жалақыларында ешқандай айырмашылық болмайды. 10 жыл бұрын елге келетін шетелдік жұмыс күші 3 есе көп болатын. Қазір квота тек 22 мың адамға ғана беріледі. Біздегі мигранттардың 80 проценті интеллектуалды салада еңбек ететін жоғары білікті мамандар.
Мигранттар негізінен құрылыс, өңдеу, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында жұмыс істейді. Ал кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке келгендерінің үлесі 6,5 процент. Ауыл, орман және балық шаруашылығында 600 өзге ел азаматы тер төгуде. Еңбек мигранаттары негізінен Қытай, Үндістан, Түркия және Өзбекстан мемлекеттерінен келеді.