Қызылжарда мемлекеттік мекемелер жерасты суын заңсыз пайдаланған. Мұндай ағаттықты табиғат қорғау прокуратурасы облыстың бақандай сегіз ауданында анықтаған. Орман шаруашылықтары мен ауылдық округ әкімдіктері ұңғыма қазып, заңды елемей суды шексіз пайдаланған. Шенеуніктердің тіршілік нәрін қанша көлемде жұмсағаны белгісіз, дейді құзырлы орган өкілдері. Себебі, сорғы станцияларында есептеуіш құралдары болмаған. Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді олар 450 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Ілияс ҚОЖАХАНОВ, СҚО МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:
Қазіргі уақытта барлық ұңғымалар тоқтатылған. Бірінші кезекте осы ұңғымаларды пайдалану үшін арнайы рұқсаттама құжаттары уәкілетті органдардан алыну үшін барлық жиындар өткізіліп, қазіргі уақытта құжаттарды рәсімдеу процессі жүргізілуде. Одан кейін суды пайдалана беруге рұқсат.