Русский Сайттың толық нұсқасы

Науқас баласы бар ата-аналар тегін дәрілерді ала алмай келген

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2017
  • 3009

Сырқат балалардың ата-аналары мемлекет тарапынан берілетін тегін дәрі-дәрмекке қол жекізе алмай келген. «Нұр Отан» партиясы осы сауал төңірегінде жіті тексеріс жасамақ. Бүгін партия өкілдері осындай жайтқа тап болған отбасына арнайы барып, мән-жайды білді.

Алмажан Өтегенова - 3 баланың анасы. Оның айтуынша, дәрігерлер оның дәріге аллергиясы барын ескерместен, ем жасаған. Соның кесірінен құрсақтағы сәбиі науқас болып туылған. Қазір баласы 5 жаста. Оған «балалардың церебриалды парраличі және микроцифалия мен эпилепсия» сынды бірнеше диагноз қойылған. Соңғы 5 айдан бері тиісті дәрі-дәрмегін ала алмаған ол «Нұр Отан» партиясынан көмек сұраған.

Алмажан Өтегенова, анасы:

Осы 2016 жылдың 7 айынан бастап аяқ-қолы тартылғанға қарсы дәрі-дәрмегін ала алмадық поликлиникадан. Жоқ, жоқ дейді. Содан партия филиалына барып өтініш тастағам. Сосын сол партия көмегі арқылы дәрімізді алдық.

Отбасында негізі үш бала бар. Отағасы базарда сауда-саттық жасайды. Меншікті жатақхананың аядай бөлмесін жалдап тұрған олар тапқан-таянған ақшасын бөлмені жалдауға береміз дейді. Ал, партия өкілдерінің айтуынша, бүгінде тегін дәрі сынды мәселемен келетіндердің қарасы көбейген. Сондықтан партиялықтар «бармақ басты, көз қыстылықтың» алдын алмақ.

Марал Елеуқұлова, Астана қалалық «Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

Осындай ауырумен, осындай сырқаттар мен бізге жиі-жиі келіп тұрады. Бір күнде тек 2-3 адам нақты осындай сұрақтармен келеді. Қалалық басқармалармен бірлесіп біз орларды шешуге тырысамыз.