Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісу облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2024
  • 871

Жетісу облысында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысты. Көлік жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды.

21 ақпанға қараған түні Алматы-Өскемен тас жолының 455 шақырымында Сарқан ауданында жол апаты болды.

"Nissan Terrano жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, DAF XF 105 жүк көлігімен соқтығысты. Жеңіл көліктің 30 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Жолаушы ретінде келе жатқан қыз облыстық ауруханаға түрлі жарақатымен түсті", - делінген Жетісу облысы ПД хабарламасында.