Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісу облысында көмірге бөлінген қаржыны жымқырған кәсіпорын басшысы 7 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2024
  • 700

Бас Прокуратураның хабарлауынша, сот үкімімен «Алакөлжылу» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған.