Құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 5 адам және 1 техника жұмылдырылды.
Оқиға Жетісай ауданы Алмалы ауылындағы Мақталы – Жетісай тас жолы бойында болды. Екі жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 2 адам көлік ішінде қыстырылып қалған. Құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 5 адам және 1 техника жұмылдырылды.
«Жүргізушінің біреуін «103» қызметкерлері өз күштерімен шығарып алып, ауруханаға алып кетті. Ал, екінші адамды Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері гидравликалық қайшының көмегімен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды» - делінген ТЖД хабарламасында.