Русский Сайттың толық нұсқасы

«Бәйтерек» холдингінің активтері 4 триллион теңгеден асты

  • AstanaTV
  • 11 қаңтар 2017
  • 2162

«Бәйтерек» холдингінің өткен жылғы таза табысы 30 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық басқарушы холдингтің басқарма төрағасы Ерболат Досаев президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде айтты. Онда «Қазақстанның даму банкі» жұмысы мен холдингтің стратегиялық дамуына өзгерістер енгізуге арналған жоспарлар айтылды. Кездесу соңында президент Ерболат Досаевқа бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ерболат Досаев, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы:

63 миллиардқа жетпей қалдық. Жоспар бойынша. Бірақ оның ішінде теңгенің курсын өзгергенін есептедік. Алдында 360 теңге қойғанбыз бір долларға, өткен жылы біз 335-пен бітірдік. Активтеріміз 4 триллион 100 миллиардтан асып, былай қарағанда, таза пайдамыз 30 миллиард теңгеге көбейді.

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті де қабылдады. Ұлттық қор басшысы активтер мен электр стансасының қызметін жекешелендіру жөнінде есеп берді. 

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:

Тізімдегі 217 нысананың 120-сы қазір баланстан шықты. Бірінші тізімнің 70 пайызы сатылды деп айтуға болады. Екінші тізімдегі ірілерден 11 нысана сатылып жатыр. Электростансалар ірілері ГРЭС-2 50-50. Екіншісі ГРЭС-1д жұмыс істеп жатырмыз. Ол жерде екі блок іске қосылды.