Русский Сайттың толық нұсқасы

Ел экономикасы биыл 2,2%-ға өседі

  • AstanaTV
  • 11 қаңтар 2017
  • 3694

2017 жылы Қазақстан экономикасы 2,2 пайызға өседі. Бұл Дүниежүзілік банк сарапшыларының болжамы. Көршілес мемлекеттермен салыстырғанда еліміздің экономикалық көрсеткіші айтарлықтай ілгері тұр. Мәселен, Ресей тек 1,5 пайызға, Әзербайжан 1,2 пайызға, ал Украина экономикасы 2 пайызға артуы мүмкін.

Жалпы мамандардың пікірінше, әлемдік экономиканың даму қарқыны 2,7 пайызға көтерілуі тиіс. Дамыған елдерде экономикалық өсім 1,8 пайызды құрайды. Сондай-ақ дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, ірі экономикалық державалардың бір-біріне деген саяси көзқарасы нақтыланбайынша, ішкі нарығы дамымаған елдерде инвестициялық белсенділік төмендей бермек.