Қазығұртта тұрғынның алтыны мен ақшасын көз алдында алдап алып кеткен өзбекстандық екі әйел ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне 2022 жылдың 12 мамырында жергілікті тұрғын шағымданып, екі әйелден алданғанын, олар гипноз арқылы көз алдында алтындарын жымқырып кеткенін айтқан.
Егде жастағы әйелдің айтуынша, оның үйіне өзге ұлтты екі әйел келген. Олар жәбірленушіге үйіңде дуа бар, соны тазалап береміз деген желеумен өздерінің тазалау әрекеттерін жасап, осы аралықта тұрғынның алтын алқасын, саусағындағы алтын сақинасы мен 100 мың теңгеден аса ақшасын әкетіп қалған.