Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлем жұртының жартысынан астамына қызылша қаупі төніп тұр

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2024
  • 725

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері мәлімдеді.

Жыл соңына дейін әлем тұрғындарының жартысынан астамына қызылшадан үлкен қауіп төніп тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл індеттің өршуіне жол бермеу мақсатында шұғыл шаралар қабылдануы керек. Женевада өткен баспасөз маслихатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері осылай мәлімдеді.

Олардың сөзінше, қызылшаның белең алуына коронавирус пандемиясы кезінде, инфекцияға қарсы екпе салу жұмыстарының тоқтап қалуы себеп. Бұл вирусқа қарсы салынған екі дозалы вакцина 2000 жылдан бері 50 миллионнан астам адамды өлімнен құтқарған.