Русский Сайттың толық нұсқасы

"Балабақшада балалар басқа баланы жабылып ұрған". Білім басқармасы өкілдері жағдайды түсіндірді

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2024
  • 760

Әлеуметтік желіде Алматы балабақшаларының біріндегі сұмдық жайттың видеосы тарады. Кадрларда балабақшадағы тәрбиеленушілер басқа баланы жабылып ұрып жатқаны көрінеді. Massaget.kz тілшісі осы мәселеге орай Алматы қаласының білім басқармасына жүгінді.

Telegram-арналарда бұл оқиға қаладағы №51 балабақшада болғаны айтылады.

Алматы қаласының білім басқармасы мәліметінше, бұл жағдай, расында да, №51 бөбекжай-балабақшасында болған.

"Тәрбиеші осы сәтте балаларға түскі ас алған басқа бөлмеде болған. Сондықтан балабақша тәрбиеленушілерінің мінез-құлқын бақылай алмады. Балабақша әкімшілігінің бұйрығымен тәрбиешіге қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Бақылауды әлсіреткені үшін балабақша меңгерушісі де тәртіптік жазаға тартылды", - деп жауап берді Алматы қаласы білім басқармасы өкілдері Massaget.kz-ке жауабында.

Ал Алматы қалалық Полиция департаменті осы дерекке қатысты тексеріс жүргізіп жатыр.

"3 жасар баланың ата-анасының арызы бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. Балабақша қызметкерлерін, сондай-ақ, балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.