Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл басынан бері короновируспен 800 адам ауырған

Елімізде жыл басынан бері короновируспен 800 адам ауырған. Бұл өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2 жарым есе көп. Соңғы зерттеулер бойынша омикронның 23 түрлі мутациясы таралған. Жаһанда жағдай ушығып барады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, соңғы аптада ковидпен 360 000 адам ауырып,оның 2000-ы қайтыс болған. Сондай-ақ, қызылша ауруы да белең алды. "Әлем халқының жартысынан астамына үлкен қауіп төніп тұр", - дейді аталған ұйым өкілдері. Қазір еліміз қызылшаның таралуы жағынан бірінші орынға шыққан. "Дерттің өршуіне жол бермеу мақсатында шұғыл шаралар қабылдап, барынша сақ болған жөн",- деп ескертеді.