Русский Сайттың толық нұсқасы

Балабақшада таяқ жеген бүлдіршін ауруханада жатыр

Алматыдағы мемлекеттік балабақшада 3 жасар сәбиді топтағы бірнеше бала аяусыз соққыға жыққан. Бүлдіршін қазір ауруханада жатыр. Денсаулық жағдайы - орташа ауыр. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Балалардың қатыгездік көрсетуіне не түрткі болғаны анықталуда. Ал ата-аналар болған жайттан есеңгіреп қалғандарын айтады.

Анна БАТЫРОВА, АТА-АНА:

Бұл балабақшаға екі баламды бірдей бердім, бірі үлкен топта, екіншісі кіші топта. Мен мұнда үнемі тәрбиешілер жетіспейтінін байқайтынмын. Бірақ жағдай осынша ушығады деп ойламадым. Болған жайтты естіп уайымнан есеңгіреп қалдым. Және балалар балабақшадан үйге қарны ашып келеді. Үлкен балам ондағы тамақтың дәмсіз болып жегісі келмегенін айтады. Енді мен бұл жерге балаларымды қалай сеніп тапсырамын.

Қалалық білім басқармасы оқиға №51 бөбекжай-балабақшасында болғанын растады. Балабақша әкімшілігінің бұйрығымен тәрбиешіге қатаң сөгіс берілген. Бақылауды әлсіреткені үшін балабақша меңгерушісі де тәртіптік жазаға тартылды.

Әлия САҒИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 балабақшаның администрациясының айтуы бойынша тәрбиеші топта жалғыз өзі істеген, түскі уақытта түскі асты алуға шығып кеткен. Бұл меңгерушінің де жұмысы. Тәрбиеші балаларды жалғыз қалдырмауы керек еді. Бала күтушісі топта жоқ болса меңгеруші басқа адамды қоюы керек еді. Қазір полиция іс қозғады. Осы іс біткен кезде бүкіл шараларды қолданамыз.