2030 жылға қарай халықты газбен қамту деңгейі 65 процентке жетеді. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Парламенттік комиссия отырысында осылай деді. Қазірдің өзінде елдің 60 процентіне газ тартылған. Яғни, 12 млн қазақстандық үшін көгілдір отын қолжетімді. Бұл салаға биыл қазынадан тағы 90 млрд теңге бөлінген. Нәтижесін 250 мың тұрғын көрмек.
Алмасадам СӘТҚАЛИЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:
Жұмыс бірнеше бағытта жүргізілуде. Бірінші кезекте газ өңдейтін бірнеше зауыт салу жоспарда. Қашағанда 3 өндірісі салынады. Қарашығанақта 4 млрдқа, Жаңаөзенде 1 млрдқа зауыт ашамыз. Сондай-ақ біз тиісті газ құбырының инфрақұрылымын қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.