Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ажыраспас едім": Наркенже Серікбаева бірінші қызының әкесі жайлы жан сырын ақтарды

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2024
  • 2271

Әнші Наркенже Серікбаева тұңғыш қызының әкесі жайлы айтты. Өнер иесі "Пікір Like" бағдарламасында қазіргі ақылы болса, бірінші күйеуінен ажыраспайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әркімнің тағдыры әр түрлі. Өзім де ажырасқанмын. Дәл қазіргі ақылым болса, бірінші қызымның әкесінен ажыраспас едім. Біреудің өміріне килікпеймін. Екінші жолдасым қайтқаннан кейін, "Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан", "Бір басыңды екеу қыл" деп ақыл айтып жатқандар бар. Бұл – мен үшін қиын әрекет. Мен адамға шынайы беріліп кетемін бе, ер-азаматқа барымды беріп қоятын сияқтымын. Бірден ақтарыламын. Бірақ сол өзіме таяқ болып келе береді. Мен негізі ер-азаматтың жанын жақсы түсінемін. "Үмітім бар. Біреу келіп сөз салса екен" дей алмаймын. Ешкімді күтіп жүрген жоқпын. Бірақ одан да үміт үземін деп айта алмаймын. Алла маған қандай сый дайындайды, соны қабылдауға дайынмын", - деді Наркенже Серікбаева.