Русский Сайттың толық нұсқасы

Бірыңғай уақыт белдеуі: Мемлекеттік кірістер комитеті қолданушыларға үндеу жасады

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2024
  • 543

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуінің енгізілуіне байланысты Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қолданушыларға үндеу жасады.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - МКК) назарыңызға 2024 жылғы 29 ақпан сағат 23:30-дан 2024 жылғы 01 наурыз сағат 07:00-ге дейін Астана қаласы уақыты бойынша МКК ақпараттық жүйелерінде (бұдан әрі-МКК АЖ) жаңа сағаттық жүйеге көшу бойынша техникалық жұмыстар жүргізілетінін жеткізеді. Осыған байланысты, көрсетілген уақытта МКК АЖ қолжетімсіз болады", - делінген хабарламада.