Қазгидромет 24-26 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің солтүстігінде аяз басылады.
Антициклонның ықпалы еліміздің батысында сақталады, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанған. Республиканың қалған бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар жауып, бұрқасын күтіледі, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын негізінен қар, тұман және көктайғақ түрінде болады.
Республиканың батысында температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Республиканың солтүстігі мен орталығында ауа температурасы түнде -10 -23°С дейін, шығыста -23 -38°С дейін, оңтүстікте -23 -38°С дейін төмендейді деп болжануда.