Өскеменде полицейлер жалдамалы пәтерлердің бірінде шетелдік қылмыскерді ұстады.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінің мәліметінше, 25 жастағы тәжікстандық азамат бір жылдан астам уақыттан бері алаяқтық пен ұрлық жасағаны үшін іздеуде болған. Қазіргі уақытта ұсталған адам УҰИ-ға қамалды.
«Тәжікстан Республикасындағы әріптестерге қылмыскердің орналасқан жері туралы хабарлама жіберілді. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. Айта кеткен жөн, биыл ШҚО ПД қызметкерлері іздеуде жүрген 15-тен астам қылмыскерді қолға түсірді», - деп хабарлады полициядан.